Қатынас кодтары
PIN немесе PIN2
коды
(4-8 сан)
Бұл SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды
немесе кейбір мүмкіндіктерді пайдалану үшін талап етіледі.
Телефонды қосқан кезде PIN кодын сұрайтын етіп орнатуға
болады.
Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмесе немесе оны
ұмытып қалсаңыз, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Егер кодты үш рет қатар қате енгізсеңіз, кодтың құлпын PUK
немесе PUK2 коды арқылы ашу керек болады.
PUK немесе PUK2
коды
(8 сан)
Бұлар PIN немесе PIN2 кодының құлпын ашу үшін қажет.
SIM картасымен берілмеген болса, қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
IMEI нөмірі
(15 сан)
Бұл желідегі жарамды телефондарды анықтау үшін
қолданылады. Санды, мысалы, ұрланған телефондарды
құлыптау үшін де пайдалануға болады.
IMEI нөміріңізді көру үшін, *#06# нөміріне қоңырау
соғыңыз.
Құлыптау коды
(қауіпсіздік коды)
(ең азы 4 сан
немесе таңба)
Бұл телефонды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға
көмектеседі.
Телефонды өзіңіз анықтаған құлыптау кодын сұрайтын етіп
орнатуға болады.
Кодты құпия және қауіпсіз, телефоннан бөлек жерде
ұстаңыз.
118 Анықтама іздеу
Кодты ұмытып, құрылғыңыз құлыптанып қалса, телефонды
қызмет көрсету маманына көрсету қажет болады. Сізден
қосымша ақы алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз
телефоныңыздан жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, Nokia Care орталығына немесе
телефонның дилеріне хабарласыңыз.