Nokia C5 03 - Деректер қосылымдары және кіру орындары

background image

Деректер қосылымдары және кіру орындары
Құрылғыңыз GSM желісіндегі GPRS сияқты пакеттік деректер қосылымдарын

(желі қызметі) қолдайды. Құрылғыны GSM және 3G желілерінде пайдаланғанда

бір уақытта бірнеше деректер қосылымы белсенді болуы мүмкін және кіру

орындары деректер қосылымын ортақ пайдалануы мүмкін. 3G желісінде деректер

қосылымдары дауысты қоңыраулар кезінде белсенді болып қалады.

Сондай-ақ, WLAN деректер қосылымын пайдалануға болады. Сымсыз LAN

желісінде бір уақытта бір қосылым ғана белсенді бола алады, бірақ бірнеше

қолданба бір интернетке қосылу орнын пайдалана алады.

Деректер қосылымын орнату үшін кіру орны қажет. Әр түрлі кіру орындарын

анықтауға болады, мысалы, келесідей:

Мультимедиалық хабарларды жіберу және алу үшін MMS кіру орнын

Электрондық поштаны жіберу және алу және интернетке қосылу үшін

интернетке кіру орнын

Қатынасу қажет қызмет үшін керек кіру орнын провайдеріңізден біліңіз. Пакеттік

деректерге қосылым қызметтерінің қол жетімділігі және жазылым туралы

ақпарат үшін, провайдеріңізге хабарласыңыз.