WLAN туралы ақпарат
Сымсыз желі (WLAN) қосылымын пайдалану үшін, ол жаңа орында қол жетімді
болуы және құрылғыңыз WLAN қосылымына қосылуы тиіс.. Кейбір WLAN желілері
қорғалады, сондықтан оларға жалғану үшін қызмет провайдерінен кіру кілтін алу
керек.
Ескерім: Кейбір елдерде WLAN желісін пайдалануға шектеулер қойылуы
мүмкін. Мысалы, Францияда WLAN желісін тек жабық жайларда пайдалануыңызға
рұқсат беріледі. Қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті билік органдарына
хабарласыңыз.
WLAN байланысын қолданатын мүмкіндіктер немесе басқа мүмкіндіктерді
пайдалану кезінде артқы фонда істеп тұруы рұқсат етілген мүмкіндіктер батарея
қуатын көбірек пайдаланады әрі батареяның жұмыс мерзімін қысқартады.
86
Байланысу мүмкіндігі
Құрылғыңыз төмендегі WLAN мүмкіндіктерін қолдайды:
•
IEEE 802.11b/g және WAPI стандарттары;
•
2,4 ГГц жиілігінде істеу;
•
128 битке дейінгі кілттері бар сымды жабдық құпиялылығы (WEP), Wi-Fi
қорғалған қатынасы (WPA) және 802.1x түпнұсқалықты растау әдістері. Бұл
функцияларды желі қолдағанда ғана пайдалануға болады.
Маңызды: WLAN байланысының қауіпсіздігін арттыру үшін, шифрлауды
пайдаланыңыз. Шифрлауды қолдану басқалардың сіздің деректеріңізге қол
жеткізу қаупін азайтады.