Nokia C5 03 - WLAN қосылымдары

background image

WLAN қосылымдары
Сымсыз LAN (WLAN) қосылымын пайдалану үшін WLAN үшін Интернет қол жеткізу

нүктесін (IAP) жасау керек. Интернетке қосылу қажет бағдарламалар үшін қол

жеткізу нүктесін пайдаланыңыз.

WLAN Интернетке қол жеткізу нүктесі арқылы деректер қосылымын жасаған

кезде WLAN қосылымы орнатылады. Деректер қосылымы аяқталған кезде

белсенді WLAN қосылымы тоқтатылады.

WLAN қосылымын дауысты қоңырау немесе пакеттік деректер белсенді болған

кезде пайдалануға болады. Бір уақытта тек WLAN қол жеткізу нүктесіне қосылуға

болады, бірақ бірнеше бағдарлама бірдей Интернетке қол жеткізу нүктесін

пайдалана алады.

Құрылғы дербес профайлында болған кезде WLAN (қол жетімді болса) пайдалана

беруге болады. WLAN қосылымын орнатып, пайдаланған кезде қолданылатын

қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз.

Кеңес: Құрылғыны анықтайтын бірегей MAC мекенжайын тексеру үшін тергішті

ашып, *#62209526# енгізіңіз.