Деректерді Bluetooth байланысын пайдаланып жіберу
Бірнеше Bluetooth байланысын бірге қолдана беруге болады. Мысалы, үйлесімді
құлақаспапқа қосылған болса, басқа үйлесімді құрылғыға файлдарды
тасымалдауға болады.
1 Жіберу керек элемент сақталған қолданбаны ашыңыз.
2 Элементті таңдап, басып тұрыңыз да, қалқымалы мәзірден
Send
>
Via
Bluetooth
тармағын таңдаңыз.
94
Байланысу мүмкіндігі
Байланыс ауқымындағы сымсыз Bluetooth технологиясын пайдаланатын
құрылғылар көрсетіледі. Құрылғы белгішелері төмендегідей болады:
компьютер
телефон
дыбыс немесе бейне құрылғы
басқа құрылғы
Іздеуді тоқтату үшін,
Stop
опциясын таңдаңыз.
3 Қосылу керек құрылғыны таңдаңыз.
4 Деректерді тасымалдау үшін басқа құрылғы жұптастыруды талап етсе,
дыбыстық сигнал беріліп, рұқсат кодын енгізу сұралады. Телефон мен
құрылғыда бірдей рұқсат кодын енгізу керек.
Байланыс орнатылғанда,
Sending data
көрсетіледі.
Кеңес: Құрылғыларды іздеу кезінде, кейбір құрылғылар тек бірегей мекенжайды
көрсетуі мүмкін (құрылғы мекенжайы). Телефонның бір мәнді мекенжайын табу
үшін тергіште *#2820# деп енгізіңіз.