Қолданбалар орнату
Сыйысымды компьютерден құрылғыға орнату файлдарын тасымалдауға, оларды
шолу барысында жүктеуге немесе оларды мультимедиалық хабарлама
пайдаланып алуға, сонымен қатар Bluetooth байланысы сияқты басқа да
байланыс әдістерін пайдалануға болады.
Қолданбаны құрылғыға орнату үшін, Nokia Ovi Suite қолданбасындағы Nokia
қолданбалар орнату бағдарламасын пайдалануға болады.
Menu
>
Settings
және
Application mgr.
тармағын таңдаңыз.
Орнату файлдары Installation files қалтасында, ал орнатылған қолданбалар
Installed apps. қалтасында болады.
Белгішелер төмендегілерді білдіреді:
SIS немесе SISX қолданбасы
Java қолданбасы
Виджет
Жад картасына орнатылған қолданба
Қолданбаны орнатудан бұрын келесілерді тексеріңіз:
•
Қолданба түрін, нұсқа нөмірін және қолданба жабдықтаушысын немесе
жасаушысын көріңіз. Қолданбаны таңдаңыз.
•
Қолданбаның қауіпсіздік куәлігі мәліметтерін көріңіз.
Certificates:
>
View
details
белгішесін басыңыз.
Бұрыннан бар файлды жаңарту немесе жөндеу файлы орнатылса, бастапқы
қолданбаны тек оның бастапқы орнату файлы немесе жойылған бағдарламалар
бумасының сақтық көшірмесі болса ғана қалпына келтіре аласыз. Бастапқы
қолданбаны қалпына келтіру үшін, қолданбаны жойып, оны бастапқы орнату
файлынан немесе сақтық көшірмесінен қайта орнатыңыз.
104 Басқа қолданбалар
JAR файлы Java қолданбаларын орнату үшін қажет. Ол жоқ болса, құрылғы оны
жүктеуді сұрауы мүмкін. Қолданба үшін анықталған кіру нүктесі болмаса, біреуін
таңдау сұралады.
Қолданбаны орнату
1 Орнату файлын Қолданбалар реттеушісіндегі Орнату файлдары қалтасынан
табыңыз немесе оны Файлдар диспетчерінен немесе Хабарлар ішіндегі Кіріс
жәшігінен іздеңіз.
2 Қолданбалар реттеушісінде орнатқыңыз келетін қолданбаны таңдап ұстап
тұрыңыз да, қалқымалы мәзірден
Install
опциясын таңдаңыз. Басқа
қолданбаларда, орнатуды бастау үшін, орнату файлын таңдаңыз.
Орнату кезінде құрылғы орнату рәсімі туралы ақпарат көрсетеді. Қолданба
сандық қолтаңбасыз немесе куәліксіз орнатылса, құрылғы ескерту көрсетеді.
Орнатуды қолданбаның түпнұсқасы мен мазмұнына сенімді болғанда ғана
жалғастырыңыз.
Орнатылған қолданбаны ашу
Мәзірдегі қолданбаны таңдаңыз. Қолданбада анықталған әдепкі қалта болмаса,
ол бас мәзірдегі Installed apps. қалтасына орнатылады.
Қандай бағдарламалар бумаларының орнатылғанын немесе жойылғанын көру
Options
>
View log
белгішесін басыңыз.