Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат
Карталар қызметі GPS, A-GPS, WLAN немесе желі (cell ID) негізіндегі орналасқан
жерді анықтау әдістерін пайдаланып орныңызды көрсетеді.
A-GPS және GPS жақсартулары үшін ұялы желі арқылы аз көлемде деректер
тасымалдануы қажет болуы мүмкін.
74
Карталар
GPS
Әлемдік орналасқан жерді анықтау жүйесі (GPS) – орныңызды
анықтауға арналған жерсерікті пайдаланатын навигация
жүйесі.
A-GPS
Assisted GPS (A-GPS) желісінің қызметі ұялы желі арқылы
орналасқан жер мәліметтерін алып, GPS функциясына
ағымдағы орналасқан жеріңізді есептеп шығаруға
көмектеседі.
Қызмет провайдерінің өз A-GPS параметрлері болған
жағдайлардан тыс, телефоныңыз Nokia A-GPS қызметін
пайдаланатын етіп реттелген. Телефоныңызға көмекші
деректер алу үшін, Интернетке қосылу мүмкіндігі болуы керек.
Телефон деректерді тек қажет болғанда ғана шығарып алады.
WLAN
WLAN орналасқан жерді анықтау мүмкіндігі GPS сигналдары
болмаған кезде орналасқан жерді анықтау дәлдігін (әсіресе үй
ішінде немесе биік ғимараттар арасында болған кезде)
жақсартады.
Cell ID
Желі (cell ID) негізіндегі орналасқан жерді анықтау
мүмкіндігімен Maps қызметі сізді телефон жалғанып тұрған
ұялы жүйе арқылы анықтайды.
GPS сигналдарының бар болуы мен сапасына орналасқан жеріңіз, жерсеріктердің
орны, ғимараттар, табиғи бөгеттер, ауа райы жағдайлары мен АҚШ өкіметі GPS
жерсеріктеріне енгізген өзгерістер әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары
ғимараттардың ішінде немесе жер астында қабылданбауы мүмкін.
GPS құрылғысын нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланыбаңыз және
тек GPS құрылғысы мен ұялы желілер берген орналасқан жер туралы ақпаратқа
сенім арта бермеңіз.
Сапар өлшегіші GPS байланысының болуы мен сапасына қарай дәл болмауы
мүмкін.
Ескерім: Кейбір елдерде WLAN желісін пайдалануға шектеулер қойылуы
мүмкін. Мысалы, Францияда WLAN желісін тек жабық жайларда пайдалануыңызға
рұқсат беріледі. 2012 жылдың 1 шілдесінен кейін Францияда WLAN желісін сыртта
пайдалануға шектеу алынып тасталады. Қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті
билік органдарына хабарласыңыз.
Пайдалануға болатын орналасқан жерді анықтау әдістеріне қарай, орналасқан
жерді анықтау дәлдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін өзгеруі мүмкін.
Карталар
75