Nokia C5 03 - Батареяны зарядтау

background image

Батареяны зарядтау
Батарея зауытта аздап зарядталған, бірақ құрылғыны бірінші рет қосу алдында

батареяны қайта зарядтау қажет болуы мүмкін. Егер құрылғы заряды аз болса,

төмендегіні орындаңыз:

1 Зарядтағышты розеткаға қосыңыз.
2 Зарядтағышты құрылғыға қосыңыз.

3 Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтаушы құрылғыны құралдан

суырып, оны қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.

Белгілі бір уақыт батареяны зарядтамауға болады және құрылғыны ол

зарядталып жатқанда да қолдануға болады. Егер батарея заряды толық біткен

болса, дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін

болғанша бірнеше минут қажет болады.

Кеңес: Пайдаланылмаған кезде зарядтағышты розетка мен құрылғыдан

ажыратып қойыңыз. Розеткаға қосылған зарядтағыш құрылғыға қосылмаса да

қуат тұтынады.

USB арқылы зарядтау

Қабырға розеткасын пайдалану мүмкін болмағанда, USB зарядтау тәсілін

қолдануыңызға болады. Құрылғыны зарядтау кезінде деректерді тасымалдауға

болады. USB зарядтау қуатының нәтижелілігі айтарлықтай өзгереді және

зарядтау басталып, құрылғы жұмыс істей бастауы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін.

1 Құрылғыны үйлесімді USB құрылғысына қосу үшін үйлесімді USB деректер

кабелін пайдаланыңыз.
Зарядтауға қолданылатын құрылғы түріне қарай зарядтау процесінің

басталуына біраз уақыт кетуі мүмкін.

10

Пайдалануды бастау

background image

2 Құрылғы қосылса, тиісті USB режимін таңдаңыз.

Құрылғыны тек USB-IF логотипі бар өнімдерге жалғаңыз.