Сенсорлы экранның әрекеттері
Қолданбаны немесе басқа экран элементін ашу
Қолданбаны немесе элементті бір рет түртіңіз.
Ашық элементке пайдалануға болатын опцияларды көру үшін
Options
параметрін
немесе, бар болса, құралдар тақтасынан белгішені таңдаңыз.
Функцияларға жылдам қатынау
Элементті түртіп, басып тұрыңыз. Қол жетімді опциялары бар қалқымалы мәзір
ашылады. Мысалы, сурет жіберу үшін, суретті түртіп ұстап тұрыңызда, қалқымалы
мәзірден сәйкес опцияны таңдаңыз.
14
Пайдалануды бастау
Кеңес: Сурет немесе бейне сияқты ашық элементке арналған қол жетімді
опцияларды көру үшін экранды түртіңіз.
Таңдау
Осы пайдаланушы құжаттамасында қолданбаларды немесе элементтерді түртіп
ашу «таңдау» деп аталады. Бірнеше элементті бірізді түрде таңдау керек болса,
таңдалатын мәзір элементтері көрсеткілермен бөлінеді.
Мысалы,
Options
>
Help
таңдаңыз,
Options
, содан кейін
Help
түртіңіз.
Элементті сүйреу
Элементті басып, ұстап тұрып, саусақты экранда сырғытыңыз. Элемент
саусағыңызбен бірге жылжиды.
Веб-бетте жоғары немесе төмен жылжу үшін, бетті саусақпен сүйреңіз.
Жүргізу
Саусақты экранға қойып, керекті бағытқа қарай бір қалыпты жылжытыңыз.
Кескін көріп жатқанда, алдыңғы немесе келесі кескінге өту үшін, кескінді тиісінше
солға немесе оңға жүргізіңіз.
Жылжу
Жылжу жолағы бар тізімдерде жоғары немесе төмен жылжу үшін, жылжу
жолағының сырғытпасын сүйреңіз.
Саусақты экранға қойып, экран бойынша жылдам жоғары немесе төмен
айналдырып, содан соң саусағыңызды көтеріңіз. Экранның мазмұны жіберу
кезіндегі жылдамдықта және бағытта айналады. Айналу тізімінен элементті
таңдап, жылжуды тоқтату үшін, элементті түртіңіз.
Кеңес: Белгішенің қысқа сипаттамасын көру үшін, саусақты белгішенің үстіне
қойыңыз. Сипаттама барлық белгішелерге берілмейді.
Пайдалануды бастау
15
Сенсорлы экранның артқы фон жарығы
Сенсорлы экранның артқы фон жарығы біраз уақыт әрекетсіздіктен кейін сөнеді.
Экранның артқы фон жарығын қосу үшін, экранды түртіңіз.
Сенсорлы экран мен пернелер құлыптаулы болса, экранды түрту экранның артқы
фон жарығын қоспайды.