Nokia C5 03 - Nokia қызметтері

background image

Nokia қызметтері
Nokia қызметтерінің көмегімен жаңа жерлер мен қызметтерді тауып,

достарыңызбен хабарласып отыруға болады. Мысалы, мынадай әрекеттерді

орындауға болады:

Телефонға ойындарды, қолданбаларды, бейнелерді және үндерді жүктеп алу

Тегін жаяу және көлікпен жүру навигациясы арқылы жол табу, бағдарлар

жоспарлау және орындарды картадан көру

Тегін Nokia Пошта есептік жазбасын алу

Музыка алу

Кейбір нәрселер тегін болуы, ал кейбіреулері үшін ақы алынуы мүмкін.

Қол жетімді қызметтер елге немесе аймаққа қарай да әртүрлі болуы мүмкін,

сондай-ақ барлық тілдерге қолдау көрсетіле бермейді.

Nokia қызметтерін пайдалану үшін сізге Nokia есептік жазбасы қажет. Телефоннан

бір қызметке кіргенде, есептік жазба жасауға нұсқау беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін, www.nokia.com/support торабына өтіңіз.