SIM картасы мен батареяны салу
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,
зарядтағышты ажыратыңыз.
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
SIM картасы құрылғыға салынып қойған болуы мүмкін. Олай болмаса, төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1 Артқы қақпағын ашыңыз.
2 Салынған болса, батареяны алыңыз.
3 Салғыштың құлпын ашу үшін SIM картасы салғышын сырғытыңыз.
6
Пайдалануды бастау
4 SIM картасы салғышын жоғары көтеріңіз.
5 SIM картасының контакт бетінің құрылғыға төмен қарап тұрғанын тексеріңіз
және SIM картасын SIM картасы салғышына сырғытып салыңыз.
6 SIM картасы салғышын орнына төмен қарай басыңыз. SIM картасы салғышын
құлыптау үшін оны сырғытыңыз.
7 Батарея контактілерін тексеріп, батареяны салыңыз.
Пайдалануды бастау
7
8 Қақпақты орнына салу үшін жоғарғы ілмекті слотқа қаратып, қақпақ орнына
түскенше төмен қарай басыңыз.
SIM картасы орнына дұрыс салынбаса, құрылғыны тек желіден тыс профильде
ғана қолдануға болады.