Nokia C5 03 - Автономдық профиль

background image

Автономдық профиль
Автономдық профиль құрылғыны сымсыз ұшқыр желіге қосылусыз пайдалануға

мүмкіндік береді. Автономдық профиль белсенді болғанда, құрылғыны SIM

картасыз пайдалануға болады.

20

Құрылғыңыз

background image

Автономдық профильді іске қосу
Қуат түймешігін аз уақыт басып,

Offline

пәрменін таңдаңыз.

Автономдық профильді белсендіргенде, ұшқыр желіге қосылым жабылады.

Құрылғыдан ұшқыр желіге шығатын және құрылғыға келетін барлық радио жиілік

сигналдары тоқтатылады. Ұшқыр желіні пайдаланып хабарларды жіберуге әрекет

жасасаңыз, олар кейінірек жіберу үшін, «Шығыс» қалтасына орналастырылады.

Маңызды: Желіден тыс ешбір қоңырауды қабылдай алмайсыз не шала

алмайсыз болмаса ұялы желі аясын қажет ететін мүмкіндіктерді пайдалана

алмайсыз. Құрылғыда бағдарламаланған ресми төтенше жағдай қызметі нөміріне

қоңырау шалуға болады. Қоңыраулар шалу үшін, алдымен басқа бір режимге

ауысуыңыз керек.

Автономдық профильді белсендіргенде, әлі де WLAN байланысын пайдалануға

болады, мысалы, электрондық поштаны оқу үшін немесе интернетті шолу үшін.

Сондай-ақ, автономдық профильде болғанда Bluetooth байланысын пайдалануға

болады. WLAN немесе Bluetooth байланыстарын орнатқанда және

пайдаланғанда, барлық қатысты қауіпсіздік талаптарын орындаңыз.