Nokia C5 03 - Қолдау көрсетілген GPS (A-GPS) туралы

background image

Қолдау көрсетілген GPS (A-GPS) туралы
Құрылғы A-GPS (желі қызметі) қолдайды. A-GPS (Assisted GPS) желісі іске

қосылғанда, құрылғы ұялы желі арқылы көмекші деректер серверінен пайдалы

спутниктік ақпарат қабылдайды. Көмекші деректер көмегімен бұл құрылғы GPS

орнын жылдамырақ қабылдайды.

Құрылғы қызмет провайдерінің арнайы A-GPS параметрлері қол жетімді

болмағанда Nokia A-GPS қызметін пайдалана алатындай етіп алдын ала

реттелген. Көмекші деректер Nokia A-GPS қызметтік серверінен тек қажет

болғанда ғана шығарып алынады.

Көмекші деректерді Nokia A-GPS қызметінен пакеттік деректер қосылымы арқылы

осы құрылғыға алдын ала орнатылған интернетке кіру нүктесі болуы керек.

A-GPS үшін кіру нүктесін анықтау

Menu

>

Applications

>

Location

және

Positioning

>

Positioning server

>

Access

point

тармағын таңдаңыз. Бұл қызметке тек бума деректердің интернетке кіру

нүктесі пайдаланылады. GPS қызметі бірінші рет пайдаланылған кезде, құрылғы

интернетке кіру нүктесін сұрайды.