Nokia C5 03 - GPS байланысын орнату бойынша кеңестер

background image

GPS байланысын орнату бойынша кеңестер

Жерсерік сигналының күйін тексеру

Menu

>

Applications

>

Location

және

GPS data

>

Options

>

Satellite status

тармағын таңдаңыз.

Құрылғы жерсеріктер тапқан болса, жерсерік мәліметтері көрінісінде әр жерсерік

үшін жолақ көрсетіледі. Жол ұзынырақ болған сайын, жерсерік сигналы күштірек

болады. Құрылғы орныңызды анықтау үшін жерсеріктен жеткілікті көлемде

деректер алған соң, жолдың түсі өзгереді.

Әдепкі бойынша, құрылғы орныңызды анықтау үшін кемінде төрт жерсеріктен

сигнал қабылдауы керек. Әдепкі анықтау жасалғаннан кейін, орныңыздың

анықтауларын басқа үш жерсерікпен жалғастыру мүмкін болады. Дегенмен,

мәлімет дәл болуы үшін, жерсеріктердің көбірек болғаны жақсы.

Табылған жерсеріктердің орнын көру үшін,

Chg. view

опциясын таңдаңыз.

Егер ешқандай жерсерік сигналы табылмаған болса, келесі әрекеттерді орындап

көріңіз:

Ғимараттың ішінде болсаңыз, сигналды жақсырақ қабылдау үшін сыртқы

шығыңыз.

Далада болсаңыз, ашығырақ жерге жылжыңыз.

Ауа райының қолайсыздықтары сигнал күшіне әсер етуі мүмкін.

Кейбір көліктердің терезелері көмескіленген болып, бұл жерсерік сигналын

бөгеуі мүмкін.

Антеннаны қолмен жаппаңыз.

68

(GPS) орналасқан жерді анықтау

background image

GPS байланысын орнату үшін бір-екі секундтан бірнеше минутқа дейін кетуі

мүмкін. GPS байланысын көлікте орнатуға көбірек уақыт кетуі мүмкін.

GPS ресивері қуатты құрылғы батареясынан алады. GPS навигаторын пайдалану

нәтижесінде батарея заряды тезірек таусылуы мүмкін.